Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Білім және ғылым министрлігі мектеп формасына қатысты мәлімдеме жасады

Танымал

Ел аузында

Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова мектеп формасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан – ол зайырлы мемлекет. Сол себепті мектептер де зайырлы мекемелер болып саналады. Мектеп формасы туралы 2016 жылғы бұйрық бар, ол күшін жойған жоқ. Біз біліммен қамтылмауы мүмкін қыздарды оқу процесіне қосу туралы айтып отырмыз. Сондықтан бұл мәселені шешудің жолдары мен тетіктен іздестіріп жатырмыз. Бұл жерде әңгіме хиджаб туралы болып отырған жоқ», – деді Гүлмира Каримова. 

Комитет төрағасының сөзінше, қазір түрлі ұсыныстар түскен. Соның ішінде оларды отандық мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оларды оқу үдерісіне тарту бойынша басқа да ұсыныстар бар екен.

«Ең бастысы, барлығын орта біліммен қамту. Бұл балалардың осы бөлігін мектепте білім алуы үшін жасалып отыр. Тағы бір айтарым, қазіргі уақытта мектеп формасына қатысты бұйрық өз күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Біз барлық баланы біліммен қамтамасыз етудің түрлі мүмкіндіктерін талқылаймыз. Бұл эмоцияға беріліп шешілетін мәселе емес, қоғамда әртүрлі пікірлер бар екені рас. Ең алдымен балалардың мүдделері мен заңнамадағы нормаларды негізге алуымыз керек», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...