Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Ұлттық құрылтай қашан өтеді?

Танымал

Ел аузында

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда өтеді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік хатшы құрылтай жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтетінін атап өтті. Ал жаңа консультатив-кеңесші орган құрамына депутаттар, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ, өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері кіреді.

«Ұлттық құрылтайдың маңызды міндеттерінің бірі – қоғамдық нығайтуды одан әрі дамыту бойынша идеялар дайындау», – деп жазды Ерлан Қарин Telegram-арнасында.

Еске салайық, 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы бір айдан кейін өтетінін айтқан еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Детектив жанрының басты қолдаушысы – сот ұжымы

«Заң» Медиа-корпорациясының» тікелей ұйымдастыруымен қолға алынған Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы сегізінші белесін бағындырды. Биылғы байқау жүлдегерлері қасиетті Тараз...