Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Нұр-Сұлтанда Балаларды қолдау орталығының бас есепшісі сотталды

Танымал

Ел аузында

Нұр-Сұлтанда Балаларды қолдау орталығынан ақша жымқырды деген бас есепші сотталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты балаларды қолдау орталығының бас есепшісі мен мердігерге қатысты ақша жымқыру дерегі бойынша айыптау үкімін шығарды.

«Орталықтың бас есепшісі азамат А. 2019 және 2020 жылдары бұрынғы күйеуі Н. мүдделі болған Z ЖШС-ға азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша өткізілген тендерлерде азық-түлік өнімдерін іс жүзінде жеткізбей, ақша аудару арқылы жеңіске жетуін қамтамасыз етті. А. және Н. жалпы сомасы 25 862 132 теңге ақша жымқырған.

Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы санкциясында 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Іс бойынша сотталғандардың жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», – деді елордалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сотта сотталғандардың кәмелетке толмаған үш баласы бар екені, сондай-ақ 25 156 051 теңге көлеміндегі зиянды ерікті түрде өтеу жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде анықталған. Өтелмеген шығын көлемі – 301 069 теңге.

«Залалды өз еркімен өтеуді ескере отырып, сот А. және Н-ға ұйымдарда бухгалтерлік есепті орындауға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан және Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айыра отырып, шартты түрде ҚК-нің 63-бабын қолданып, 7 жыл бас бостандығынан айыру түрінде, мүлкін тәркілей отырып, жаза тағайындады. Сотталғандарға пробациялық бақылау орнатылды», – деді қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сотталғандардың мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...