Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысу үшін Ұлытауға келді

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаевты өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады. 

Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай құру туралы жарлыққа қол қойған еді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтқан. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың құрамы мен ережесін де бекітті. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...