Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Парламентке Елбасына қатысты жеке заңды алып тастау туралы норма ұсынылады

Танымал

Ел аузында

Парламент қарауына Тұңғыш Президент туралы жеке заңды алып тастайтын норма ұсынылады. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Конституциядан Тұңғыш Президент туралы жеке заң болуы керек деген норма алып тасталған соң, тиісінше бұл заң да алып тасталуы керек. Бұл Конституцияда қабылданған өзгерістерге сәйкес кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу туралы заң жобасы шеңберінде болады. Ол биыл Парламент қарауына енгізіледі», – деді Мусин.

Әділет министрінің айтуынша, Қылмыстық кодексте Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қолсұғушылық үшін жауапкершілік көзделетін жалпы бап қана қалады.

«Бұл барлық президентке ортақ. Елбасы үшін бөлек бап болмайды», – деп атап өтті Қанат Мусин.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...