Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Нұр-Cұлтанда балабақша тәрбиеленушісі қызды үш сағат бойы ұрып-соққан: Қылмыстық іс қозғалды

Танымал

Ел аузында

Қыз ер баланың қорлығына үш сағат бойы шыдауға мәжбүр болған.

Елордалық балаларды дамыту орталығындағы жантүршігерлік оқиға болды. Балабақша тәрбиеленушісі ер бала өзімен жасты қызды ұрып-соғып, еденде сүйреген, деп хабарлайды “Астана” арнасы.

Бұл кіші топтағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Айтуынша, қыз ер баланың қорлығына үш сағат бойы шыдауға мәжбүр болған. Алайда тәрбиешілер мұны «жай жанжал» деп, араласпауды жөн көріпті. Полиция тергеуді бастағанын айтты.

“Балаларды дамыту орталығы мұғалімінің заңсыз әрекетінің фактісі бойынша Алматы аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі – «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс жүргізіліп жатыр”, – дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Шәуленова.

Кәмелетке толмаған балаға сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ілияс Мұхамеджан, директор филиала по г.Алматы НАО «Фонд социального медицинского страхования»: Зачем Казахстану обновлённая модель ОСМС ?

Охрана здоровья населения – процесс трудоёмкий и затратный. Одну из ключевых ролей здесь играет система обязательного социального медицинского страхования,...