Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Ахмет Байтұрсыновтың туған ауылындағы мұражай-үй не cебепті сүрілді –облыс әкімі жауап берді

Танымал

Ел аузында

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Жангелдин ауданындағы халық ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың үйін бұзу себебін түсіндірді. 2009 жылы ағартушы туып өскен үй Байтұрсыновтың үй-мұражайы ретінде салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

13 жылдан кейін үй күрделі жөндеу қажет болды. Аймақ басшысының айтуынша, ғимарат сапасыз болып шықты, сондықтан үйді бұзып, орнына жаңасын салу туралы шешім қабылданды.

«Бұл үй қолда бар материалдардан салынған. Менен бірнеше рет үйдің жағдайы үшін ұялмаймын ба деп сұрады. Ол жерде бойыңды түзеп тұру мүмкін болмайтын. Бұл биіктігі 1,7 метр болатын бір ғана үлкен бөлме», – деді облыс әкімі.

Облыс әкімдігі сапасыз материалдардан үй салған мердігермен келісімшартты бұзғанын атап өтті.

«Мен әкімге сөгіс жарияладым, мәселе бақылауға алынды. Жоба сараптамадан өтті. Біз байқау жариялаймыз, үй мұражайы экспонаттарды орналастыру үшін үлкен сыйымдылыққа ие болуы керек. 5 қыркүйекке дейін оны пайдалануға беруге тырысамыз», – деді Қостанай облысының басшысы.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Алаш Орданың негізін қалаушылардың бірі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мерейтойға орай мемлекет бірқатар инфрақұрылымдық жобаларға 3,4 млрд теңге бөлді.

Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынов ауылындағы жолды және Торғай өзені арқылы өтетін көпірді жөндеуге қаражат бөлінді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...