Алматыда ұрланған 250 телефон Қырғыз Республикасынан табылды

Танымал

Ел аузында

Оның қылмыстық жолмен табылған ұрланған заттарды сатып алатыны белгілі болды.

Алматыда криминалдық полицейлер іздестіру нәтижесінде, 250-ге жуық смартфонды тапты деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстандық алыпсатар Қырғыз елінің азаматымен өзара келісіп, Алматыда ұрланған смартфондарды беріп жіберіп отырған. Оның орнына Бішкекте қолды болған гаджеттерді айырбастап алған. Күдікті қамауға алынды. Телефондардың бір бөлігі иелеріне қайтарылды.

«Іздестіру барысында полицейлер 1989 жылы туған П. есімді азаматты ұсталды. Оның қылмыстық жолмен табылған ұрланған заттарды сатып алатыны белгілі болды. Полицейлер 202 шағым негізінде 246 ұялы телефонды іздеді. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...