Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Жезқазған әкімі қызметінен кетті

Танымал

Ел аузында

Қайрат Әбсаттаров Жезқазған әкімі қызметінен кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, Қайрат Әбсаттаровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты шығарып салу рәсімі өтті.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және әріптестері Қайрат Бектайұлына ризашылықтарын білдіріп құрмет көрсетті.

Қайрат Әбсаттаров 1966 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша; 1998 жылы – О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Экономика және өндірісті басқару» мамандығы бойынша; 2018 жылы – «МИСиС» Ұлттық техникалық зерттеу университетін «Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1990-1997 жылдары Жезқазғанның автомобиль өнеркәсібінің өнеркәсіп кәсіпорындарында, Қарағанды облысының әкімшілік аппаратында еңбек етті.

Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, Қазақстан Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген, Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысының лауазымын атқарды, сонымен бірге көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР бірнеше министрліктерінде комитет төрағасы болды, одан кейін Қазақстан Республикасының премьер-министрінің канцеляриясын, Өңірлік даму департаментін басқарды.

2019 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі болды.

2020 жылы тамызда Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды.

Қайрат Әбсаттаров «Құрмет» орденімен марапатталған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...