Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.1 C
Nur-Sultan
36.6 C
Almaty
38.1 C
Shymkent

Батыс Қазақстанда әкім жол апатынан көз жұмды

Танымал

Ел аузында

Батыс Қазақстан облысында Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешов жол апатынан қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Апат 23 маусым сағат 01:50-де Тау ауылының маңында Жәнібек-Таловка жолының 25-шақырымында болды. Рөлде Төрешовтің өзі отырған және көлікте жалғыз болған.

Ол жүргізген Volkswagen Polo жыраға аударылып кетті.

Жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 34 жастағы Нұрлыбек Төрешовтің артында әйелі мен төрт кішкентай баласы – екі ұлы мен екі қызы қалды.

Жәнібек ауданы ішкі саясат бөлімі мәлімдегендей, жақында ол Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен барлық іс-шараға қатысқан.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

AWSDC 2025: Қазақстан жас дебатерлері әлем аренасына шықты

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Asian World Schools Debating Championship (AWSDC) турнирінде...