Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ұлытау облысы әкімінің өкімі бойынша, Президент Әкімшілігі және Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттарының келісімімен Жезқазған қаласының әкімі қызметіне Қайрат Шайжанов тағайындалды», – делінген хабарламада.

Қайрат Шайжанов 1977 жылы 22 Шілдеде Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары бизнес саласында, түрлі мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген.

2009 жылдан 2013 жылға дейін Сәтпаев әкімінің орынбасары болған.

2015 жылдан 2018 жылға дейін Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Астанада заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологиялары талқыланды

2026 жылғы 24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің үшінші күні аясында экология саласында заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды...