Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Алматылықтар медициналық сақтандыру шеңберінде 54,9 млрд теңгенің қызметін пайдаланды

Танымал

Ел аузында

Биыл оңтүстік астана тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге 242,1 млрд теңге бөлінді. Оның 135,1 млрд теңгесі – тегін медициналық көмек пакетіне, 107,0 млрд теңгесі – МӘМС пакетіне тиесілі. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы хабарлады.

«Медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін Алматы қаласы денсаулық сақтау саласының бюджеті едәуір артты. 2021 жылдың 4 айында алматылықтар МӘМС пакеті арқылы 54,9 млрд теңгенің медициналық көмегін пайдаланып үлгерді», — деді МСҚ филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев бүгінгі брифингте.

Айтуынша, қаңтар-сәуір аралығында төленген соманың басым бөлігі яғни, 28,5 млрд теңгесі стационарлар көрсеткен медициналық көмекке, тағы 2,3 млрд теңге күндізгі стационар қызметіне жұмсалған.

Тағы 11,4 млрд теңге консультативтік-диагностикалық қызметтерге төленген. Консультативтік-диагностикалық қызмет ішінде әсіресе, компьютерлік томография мен магниттік-резонанстық томографияға деген сұраныс жоғары күйінде қалып отыр. Атап айтқанда, өткен 4 айда Алматы қаласында 38 215 КТ жасалып, оған 570,9 млн теңге бөлінді. Халыққа көрсетілген 28 156 МРТ қызметі үшін 407,3 млн теңге төленді. Сонымен қатар, қала бойынша онкологиялық ісікті анықтау мақсатында 2092 ПЭТ-диагностика қызметі көрсетіліп, оған 561,8 млн теңге берілді.

Оған қоса, Қор жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын қызмет түрлеріне 8,4 млрд теңге бөлді.

«Халыққа қолжетімді болған қызметтің бірі – экстракорпоральды ұрықтандыру немесе ЭКО процедурасы. Биыл ЭКО бағдарламаларына 3,2 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Аталған сомаға барлығы 3142 жасанды ұрықтандыру процедурасы жасалуы тиіс. 2022 жылдың бастапқы 4 айында қала бойынша 476 ЭКО жасалып, оған 484 млн теңге төленді. Биыл оңтүстік астанада аталған бағдарламаға 8 клиника қатысып жатыр», — деп қосты Тілеухан Әбілдаев.

Тағы бір айта кетерлігі, сақтандыру медициналық реабилитацияға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтып, оның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Мысалы, өткен 4 айда қала тұрғындары жалпы құны 3,4 млрд теңге болатын оңалту процедураларын қабылдаған.

Жыл сайын реабилитациялық көмек көрсететін клиникалар саны да артып келеді. Мысалы, 2019 жылы Алматыда Қормен 4 оңалту орталығы жұмыс істеген болса, бүгінде олардың саны 114-ке жетті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...