Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Алматы шетелдіктер үшін әлемдегі ең арзан қалалардың бірі ретінде танылды

Танымал

Ел аузында

Алматы жұмысқа тұруға келген шетелдік мамандар үшін әлемдегі ең арзан қалалардың бірі болып танылды. Қалада өмір сүру құнын Cost of Living City Ranking 2022 атты рейтингте Mercer консалтингтік компаниясы жариялады.

Рейтингке барлығы 227 қала енген. Алматы көшуге ең арзан қалалардың ішінде 219-орынға жайғасқан. Шетелдік мамандар үшін аса қымбат емес қоныс аудару бағыттары Анкара, Бішкек және Душанбе болды. Сондай-ақ, айтарлықтай материалдық шығындарсыз шетелдіктер Ыстамбұл мен Тбилисиде жұмыс істей алады. Тізімде Алматыдан басқа қазақстандық қала жоқ.

Mercer ұсынған тізімде көшу қымбатқа түсетін қалалар қатарында: Гонконг, Цюрих және Женева аталған. Сонымен қатар, Тель-Авивке, Нью-Йоркке, Токиоға немесе Бейжіңге көшу қалтаға ауыр тиеді.

Mercer жыл сайын көшуге ең қымбат және арзан болатын қалалардың рейтингін жасайды (коронавирустық пандемияға байланысты 2021 жылы зерттеу жүргізілген жоқ). Қалалар 200-ден астам тауарлар мен қызметтер бойынша бағаланады, соның ішінде жалға берілетін тұрғын үй, қоғамдық көлік, тамақ, киім-кешек және ойын-сауықта кіреді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...