Атырау облысында шағалалардың қырылуына байланысты аңшылық тоқтатылды

Танымал

Ел аузында

Каспий теңізіндегі аралдарда шағалалардың жаппай қырылуына байланысты Атырау облысында құстарды аулау тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалқаровтың айтуынша, қазір 6 мыңға жуық өлі шағала табылған.  Бастапқыда олар NCOC компаниясына тиесілі Қашаған кенішінің екі жасанды аралынан табылыпты. Комиссия құрылып, оқиға орнына мамандар барып, судан, топырақтан, ауадан сынамалар алынып, құс мәйіттері сараптамаға алынды. Осы оқиғадан кейін өлген шағалалар Ақжайық қорығы аумағындағы құмды аралдардан да табылды. 

1 маусымнан бастап көрші Астрахан облысында құс тұмауының анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізілген.  Сондықтан суда жүзетін құстарды аулау маусымын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұрын хабарланғандай, Атырау облысында өлген шағалаларда АН5 құс тұмауы расталды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...