Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

Жыл соңына дейін шешім қабылданады – Вице-премьер зейнет жасын төмендету туралы

Танымал

Ел аузында

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Премьер-министрдің орынбасары ретінде осы мәселеге мен жауап беремін. Бұл мәселемен қаржыға жауапты вице-министрлер емес, мен жеке айналысамын. Жұмыс тобы құрылды, ол Әлеуметтік кодексті әзірлеу аясында тиісті жұмыстарды атқаруда. Сондықтан бұл мәселе талқыланып жатыр. Түрлі топпен, соның ішінде осы мәселеге бастамашы болғандармен кездесулер өтіп жатыр. Биыл Әлеуметтік кодекс қабылданады. Бұл бір күннің ісі емес. Жыл соңына дейін шешім қабылданады. Жазда да, күзде де талқылаймыз», – деді Ералы Тоғжанов.

Премьер-министрдің орынбасары кеншілердің зейнет жасына қатысты да пікір білдірді.

«Ең ауыр жұмыс – кеншілердікі. Мен шахтаға бірнеше рет түстім, олармен кездестім. Расында, бұл ауыр жұмыс. Бірақ айтайын дегенім, кеншінің бәрі зейнет жасын төмендеткенді қаламайды, өйткені жерасты жұмысы үшін олар жоғары жалақы алады. Ондай ақшадан ешкім айырылғысы келмейді. Түрлі ұсыныс түсіп жатыр, біреу қысқартуды, біреу ұзартуды ұсынады. Олардың жоғары жалақы алғысы келеді. Әркімнің денсаулығы пен физикалық әлеуеті әртүрлі. Денсаулығы мүмкіндік бермейтіндер жер үстіндегі жұмысқа барады», – дейді Ералы Тоғжанов. 

Оның айтуынша, Үкімет зейнеткерлік жасты төмендетуге қайта қарау мәселесін қарастырып жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жизни более 100 человек помогли сегодня спасти жители города Конаев

Сдать кровь – это доброе дело особой категории, которое поможет кому-то вылечиться, кому-то спасет жизнь, сделать его может каждый,...