Алматыда ШААЖ уақытша жабылады

Танымал

Ел аузында

Шығыс айналмалы автожолында уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап. 

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 6 шілде сағт 21.00 мен 7 шілде сағат 07.00 аралығында түнгі уақытта Шығыс айналмалы автожолының Жарбұлақ өзенінен Төле би көшесі дейінгі бөлігінің шығыс бетінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі.

Бұл жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Әкімдік келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұрады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұрпақ болашағына қызмет еткен ғалым

Еліміздің гидрогеология саласының дамуына елеулі үлес қосып, саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған азаматтардың бірі – гидрогеология ғылымының ардагері,...