Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Бейбіт Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Бейбіт Салымұлы Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастаған.

2009-2011 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы.

20011-2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.

2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған.

2017-2020 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры.

2020 жылғы қыркүйектен бастап – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...