Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Полицейлер көліктен телефон ұрлаған ұрыны ұстады

Танымал

Ел аузында

Сауран АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз автоұрының құрбаны болғаны туралы арызбен келді. Жәбірленуші ауыл көшелерінің бірінде «Фольксваген Пассат» маркалы көлігінен ұялы телефоны мен магнитофон ұрланғанын хабарлайды. Автокөлік иесіне келтірілген шығын көлемі шамамен 80 мың теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, күдіктілерді іздеуге кірісті.

Қылмыс орнына келген Сауран АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері автокөлікте қалған іздерді мұқият тексерді, сондай-ақ басқа да жедел іс-шараларды өткізді. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аулаларды аралап, куәлармен сұхбаттасып, бейнебақылау камераларын тексерді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сауран АПБ полицейлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Жедел уәкілдер жас жігітті аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай күдікті ұялы телефонды қараусыз қалдырылған көліктің ашық терезесі арқылы ұрлап кеткені анықталды.
Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне құнды заттарды көліктерде қалдыруға болмайтынын ескертеді. Сіз абай болуыңыз керек және қысқа уақытқа кетсеңіз де, көліктің терезелері мен есіктерін жабуды ұмытпаңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...