Абай облысында әскери қызметкердің мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Абай облысында оқтан көз жұмған әскери қызметкердің денесі табылды.
Алдын ала дерек бойынша ол өз өзіне қол жұмсаған. Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз.
«Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Марқұмның артында әйелі мен 5 баласы қалған», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Әскери қызметкердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге деректері жария етілмейді.