Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Жайылымдық жерден мал ұрлаған күдікті үш жігіт қамауға алынды

Танымал

Ел аузында

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, жайылымда жүрген 2 бас сиырын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 550 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары хабарламаны естіген бойда оқиға орнына бірден жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде Қазығұрт ауданының 3 тұрғыны ұсталды. Сезікті үш жігіттің екеуі ағайынды, үшіншісі досы болып келеді. Олар түнгі уақытта бақташының жоқтығын пайдаланып ұрлық жасаған. Күдіктілер ұрлаған малдарды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатынын айтуда. Мал ұстайтын аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайды болдырмас үшін төрт түлікті құжаттандырып, сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін еске салады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Как блогер вместе с заказчиками инсценировал аварию?

@Fact Check: 22 января был арестован блогер Кушеев, называющий себя правозащитником.Обвинение — вымогательство.В этом расследовании мы покажем, как блогер...