Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын алып тасталды

Танымал

Ел аузында

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің үндеуін назарға алып, сондай-ақ, Қарақалпақстан Республикасы аумағында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін және қабылданған шаралардың арқасында «Төтенше жағдай туралы» Өзбекстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқығы мен бостандықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді», – делінген хабарламада.

21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап Қарақалпақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Осы жарлық 2022 жылғы 21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап қолданысқа енгізіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында дереу жариялануы тиіс», – делінген президент сайтында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026 жылдың үшінші тоқсанында ресми түрде таныстырылады HONOR компаниясы 79-шы Cannes Film...