Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі арызданып, белгісіз біреулер түнгі уақытта үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмеде тұрған 300 мың теңге ақшасын жымқырып кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.
Нәтижесінде сарыағаштық тәртіп сақшылары тәулік ішінде күдікті деп танылған ер азаматты анықтады.
Тергеу барысында күдікті азаматтың жергілікті тұрғын екендігі белгілі болды. Сондай-ақ полицейлер күдікті азаматтың ұрлықты жоспарлы түрде жасағанын және ұрлаған ақшаны өз кажетіне жұмсап жібергенін білді. Бүгінде ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері тауарлық-материалдық құндылықтар сақталатын үй-жайларға бейнебақылау камерасын және терезелерге металл тор орнатуға кеңес береді. Егер де, сіз, осы секілді ұрлық жайтының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарлаңыз!!!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі