Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Қазақстанда екінші АЭС салыну қарастырылуда

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда Курчатов ауданындағы Ертіс өзенінде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі талқылануда. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вице-министр атап өткендей, елімізде АЭС орналастыру үшін перспективалы алаңдар – Балқаш көлі мен Ертіс өзені. 

«Бірінші станса құрылысы басталып, сәтті іске қосылған жағдайда «Қазақстанда қанша атом электр стансасы болады?» деген екінші сұрақ туындайды. Бұл сұраққа да қатысты талқылау жүргізіліп жатыр. Қазақстандағы екінші атом электр стансасы Ертіс бойында, Курчатов қаласы ауданында пайда болуы әбден мүмкін. Егер Қазақстан көміртегі бейтараптығы жолын таңдайтын болса, онда бірнеше атом электр стансасын салғаннан басқа шығар жолы жоқ. Демек, Ертіс – келешегі бар алаң», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін, ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов еліміздегі бірінші атом электр станциясын салу үшін Алматы облысындағы Үлкен елді мекені таңдап алынғанын айтқан болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...