Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Танымал

Ел аузында

Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің басылымға берген мәліметі бойынша, Бекенов өз еркімен қызметінен кеткен.

Қайрат Бекенов автокөлік, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін қадағалаған. Бұл қызметте ол 1,5 жыл жұмыс істеді.

Осылайша, қазір облыс басшысының екі орынбасары қалды. Бұған дейін облыс әкімінің екі орынбасары жұмыстан қысқартылған болатын. 

Еске салайық, Қайрат Бекенов 2020 жылдың 15 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық өнерін әлемге танытты. Түркияның Аланья қаласында өткен «Golden Stars Alanya» II...