Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-8.1 C
Almaty
-3.7 C
Shymkent

Қазақстанда дизель отынына шекті бағалар қандай болуы мүмкін?

Танымал

Ел аузында

Энергетика министрі бұйрығының жобасы жарияланды. Онда дизель отыны бағасын тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай саралау қарастырылған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай облыстарында дизель отыны бағасы мынадай мөлшерде белгіленген:

  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литрге 260 теңге;
  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға техникалық паспортын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литрге 260 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында:

  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литрге 230 теңге;
  • Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға техникалық паспортын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына 1 тәулікте 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литрге 230 теңге;

Белгіленген көлемнен жоғары немесе сатудың өзге де жағдайлары үшін – 1 литрге 450 теңге.

Құжатты қоғамдық талқылау 2022 жылдың 18 тамызына дейін жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін Энергетика министрлігі дизель отыны бағасын тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай саралауды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Бұл туралы энергетика министрлігінің басшысы Болат Ақшолақов мәлімдеген еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ ПРОЕКТА «АКСЕЛЕРАТОР МОЛОДЕЖНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ ГОРОДА АЛМАТЫ»

Состоялся итоговый круглый стол проекта «Акселератор молодежных организаций города Алматы», организованного Корпоративным фондом «Альянс студентов Алматы» при поддержке Управления...