Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.5 C
Nur-Sultan
21.2 C
Almaty
21.7 C
Shymkent

Полицейлер Атырауға жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған тұрғынды ұстады

Танымал

Ел аузында

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оны сырттай танысы «Атырау облысындағы мекеменің біріне жұмысшы ретінде тұрғызып беремін», – деп сендірген.

Содан тұрғыннан 150 000 теңге ақшасын алған алаяқ, жоқ болған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған іс-шараларды атқарды. Нәтижесінде небәрі тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ер адам ұсталды. Анықталғандай, ол Атырау қаласындағы аталған мекемеде жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бүгінде алаяқтық күннен-күнге белең алып бара жатыр. Адамдар кез келген сәтте алаяқтың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар. Және ақша беру, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болуды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайта оралған қазына: қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Қабірхана есігіне қатысты тың деректер белгілі болды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі реставрациялық жөндеу жұмыстарынан кейін Әзірет - Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының «Сирек...