Электрсамокаттар көліктерге теңестіріледі – Алматы полициясы

Танымал

Ел аузында

Жақында электрсамокаттар автомобильдерге теңестіріледі. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жаңа норма стандарттары әзірленген. Ол бекітілгеннен кейін жол жүру ережесіне өзгерістер енгізіледі. Электрсамокаттарға қатысты заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

«Заңнамалық деңгейде электрсамокаттардың көлік құралы ретіндегі мәртебесін анықтау қажеттілігі туындады. Тиісінше, электрсамокат тебетіндер жол қозғалысына қатысушылар ретінде анықталып, құқықтар да, міндеттер де қарастырылады.

Қазір стандарт әзірленді, болашақта жол ережесіне өзгерістер енгізіледі. Олар енгізілген бойда бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де әсер етеді», – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника «Розовый октябрь» усилили работу по профилактике рака молочной железы и...