«Қазгидромет» РМК 6-8 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, кун суытады.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, 6 қыркүйекте Маңғыстау облысында, 7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ болжанады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ елдің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 5-13 градусқа дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-23 градусқа дейін, күндіз 20-35 градусқа дейін төмендейді.