Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Азғындықты насихаттады деген айыппен ЛГБТ ұйымының 2 белсендісі өлім жазасына кесілді

Танымал

Ел аузында

Олар әлеуметтік желілердегі парақшаларында гейлердің құқықтарын ашық қорғап жазған.

Иран соты ЛГБТ ұйымының екі белсендісін гомосексуализмді насихаттады деген айыппен өлім жазасына кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күрдтердің Hengaw құқық қорғау ұйымы 31 жастағы Захра Седиги Хамедани мен 24 жастағы Эльхам Чубдарды Урмия қаласының солтүстік-батысындағы сот шешімімен өлім жазасына кесілгенін хабарлады. Олар елде шариғат заңын бұзған айыпталушыларға қатысты жиі қолданылатын бап – «жерге жемқорлық таратқаны үшін» сотталды. Германияда орналасқан ирандық ЛГБТ құқықтарын қорғайтын 6Rang ұйымының үйлестірушісі Шади Амин де өлім жазасына кесілген үкімдерді растады.

Құқық қорғау ұйымдары Германия мен басқа да шет елдерді үкім күшін жою және әйелдерді босату үшін Тегеранға қысым көрсетуге үндеуде.

Amnesty International ұйымының мәлімдеуінше, ұсталған әйелдерге қатысты айыптаулар ұсталғандардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында гейлердің құқықтарын ашық қорғауға үндеу жібергеніне, сондай-ақ 2021 жылдың мамырында ВВС түсірген фильмнің эфирге шығуына, Ирактың солтүстігіндегі Күрдістан аймағында ЛГТБ өкілдері құқықтарының бұзылуына байланысты жарияланымдарға негізделіп шығарылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...