Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Әкімдер неге жылдар бойы бір қызметте отырады? МҚІА жауап берді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге аудан немесе ауыл әкімі қызметін 8 жылдан аса уақыт атқаруға тыйым салынады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) Tengrinews.kz тілшісіне кейбір әкімдердің неге жылдар бойы бір қызметте отыратынын түсіндірді.

Ведомство мәліметінше, енді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің немесе ауылдық округтің әкімдері төрт жыл мерзімге сайланады. Ал бір адам қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды. Тиісінше, мұндай лауазымның жалпы мерзімі сегіз жылдан аспауы керек. Алайда мұндай шектеу тек 2021 жылдың 24 мамырында ғана енгізілген.

МҚІА қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арай Ізбаев аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент немесе ауылдық округ әкімдері «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне жататынын атап өтті. Оларды тиісті елді мекеннің тұрғындары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Әкім 25 жасқа толған Қазақстан азаматтары арасынан төрт жыл мерзімге сайланады. Бұл лауазымға үміткерлер мынадай шарттарға сәйкес келуі керек:

  • жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
  • жұмыс өтілі – мемлекеттік лауазымдарда екі жылдан немесе лауазымның функционал бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес.

Әкім өкілеті мынадай жағдайларда тоқтатылады:

  • әкімнің қайтыс болуы;
  • әкімді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке шектеулі қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
  • із-түзсіз жоқ болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі шыққанда;
  • саяси партияға мүше болуын тоқтатуы;
  • жоғары тұрған әкімнің мәслихат депутаттарының әкімге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын қабылдауы;
  • Қазақстан азаматтығын тоқтатуы;
  • жаңадан сайланған әкімді сайлау комиссиясының тіркеуі;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда.

«Әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәслихаттың мәселе қарауы үшін жергілікті қоғамдастық жиналысының әкімді қызметінен босату туралы мәселеге бастамашылық етуі негіз болады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды.

Биыл бірінші жартыжылдықта агенттікке жоғарыда аталған ауылдық округтерден өтініштер түскен жоқ», – деп қорытындылады ведомство өкілдері.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...