II Елизавета патшайым қайтыс болды

Танымал

Ел аузында

Англия патшайымы Елизавета II Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

8 қыркүйекте БАҚ 96 жастағы патшайымның кенеттен өзін нашар сезінгенін хабарлады. Көп ұзамай сарайға корольдік отбасы мүшелері – мұрагер ханзада Чарльз және патшайымның немересі ханзада Уильям, ханзада Эдвард Анна ханшайыммен, ханзада Гарри әйелі Меганмен жиналды. Патшайымның денсаулығының нашарлағаны туралы хабардан кейін ресми резиденцияға қарапайым халық жинала бастады.

7 қыркүйекте корольдік баспасөз қызметі денсаулығының нашарлығына байланысты II Елизавета корольдік жеке кеңес отырысын кейінге қалдырғанын хабарлады. Бір күн бұрын Балморал сарайында патшайым бұрынғы премьер-министр Борис Джонсонның отставкасын қабылдап, Ұлыбритания жаңа премьер-министр етіп таңдаған Лиз Трусспен кездесті. Королева жаңа үкіметті құруға және жаңа министрлерді тағайындауға тапсырма берген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области обсудили вопросы профилактики и раннего выявления онкологических заболеваний

По инициативе Управления здравоохранения Алматинской области совместно с Фондом тюркоязычных журналистов и Алматинской региональной многопрофильной клиникой состоялся брифинг для...