Абай облысында қаза болған өрт сөндірушінің отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі

Танымал

Ел аузында

Абай облысы Жарма ауданында көз жұмған өрт сөндірушінің отбасына пәтер беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Бозжыра ауылдық округінде дала өртін сөндіру кезінде қаза болған №22 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаевтың отбасына пәтер беріледі.

«Өңірдегі «Фирма Азия» ЖШС марқұмның жанұясына үш бөлмелі пәтер береді. Айдос Ерланұлының артында әйелі мен 5 баласы қалған», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бері еңбек еткен 36 жастағы сержант ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылған.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысында жалын шарпыған аумақ 5000 гектарға жеткені хабарланған.

Абай облысы Жарма ауданында 3 өрт сөндірушіні күйік шалып, оның бірі көз жұмған.

Денесін күйік шалған екі өрт сөндірушінің бірінің жағдайы ауыр.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қаза болған өрт сөндірушінің отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлім еткен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде...