1-3 градус үсік күтіледі: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Танымал

Ел аузында

“Қазгидромет” Қазақстан бойынша 10-12 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде күн суытып, басым бөлігінде жауын жауады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Скандинавия түбегінің ауданынан жылжыған антициклон Қазақстан аумағына ауыса отырып, күздің суық ауа райын қамтамасыз етеді. 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның ықтималдығы байқалады. Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, желдің күшеюі және бұршақ жаууы мүмкін.

10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АККА дәрігерлері 72 жастағы науқастың алып көлемдегі кистомасын алып тастады

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына (АККА) іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну мен тығыздалуға шағымданған 72 жастағы пациент түсті. Белгілі болғандай, науқас...