Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Жетісу облысы тауларындағы өрт аумағы екі есеге ұлғайды

Танымал

Ел аузында

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алакөл ауданының таулы аймағында болған өрттің жаңа мәліметтерін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 қыркүйек таңертеңгі жағдай бойынша өрттің жалпы аумағы 200 гектар, бұл кешегі мәліметтермен салыстырғанда екі есе көп.

«2022 жылдың 9 қыркүйегінде таңғы сағат 8-ден бастап Ми-8 тікұшағы өрт ошақтарын анықтау үшін ұшып кетті. Ұшып кеткеннен кейін су шашу жұмыстары қайта жанданды. Өрт сөндіру жұмыстары таулы жер болғандықтан және ауа райына байланысты қиындады. Өрт болған аймақта желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді», – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 173 адам, бір тікұшақ, 16 техника, 70 рюкзак бүріккіш және алты ат жұмылдырылған. Әзірге зардап шеккендер жоқ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...