Жолбарыс популяциясын қалпына келтіру үшін Қазақстанға Ресейден төрт жолбарыстың баласы әкелінеді

Танымал

Ел аузында

Ресейлік мамандар Қазақстанда амур жолбарысының популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында елімізге Ресейден төрт жолбарыстың баласын алып келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

«Амур жолбарысы» орталығының бас директоры Сергей Арамилев оңалту орталығында өскен жолбарыс балаларын алуы мүмкін екенін айтты. 

«Әзірге біз оңалтау орталығына түскен жолбарыстар жеткілікті деп ойлаймыз. Болмаса, табиғаттан аулаймыз», – деді Арамилев. 

Оның сөзінше, амур жолбарыстарының Қазақстанда өмір сүре алу мүмкіндігі бар. Қазір бұл жануарлар популяциясы қалпына келтіріліп жатқан Амур облысында жолбарыстар ХХ ғасырдың басынан бері болмаған. 

Мамандар алдағы уақытта әр түрлі жыныстағы төрт жолбарысты Қазақстан аумағында жіберуді жоспарлап отыр. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...