Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

«Кінәсі болса мойындау — еркектің тірлігі!» – Мұхамеджан Тазабек Сатыбалды жайлы

Танымал

Ел аузында

«Қаңтарға» қатысы бардай, төңкеріс қалаған жандай айыптадық.

Мұхамеджан Тазабек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ағасы Қайрат Сатыбалды туралы жазба жариялады. Күні кеше Сатыбалдының сот болып, өз кінәсін мойындағанын жазған едік.

«Қайрат ағамның да соты болып жатыр.

Кінәсі болса мойындау — еркектің тірлігі!
Тергеу ақырына жеткенше мың түрлі вариант, жүз түрлі версия айтылды. Әлемдік террордан әйелдік өсекке дейін түк қалдырмай қамтып, халыққа “ақпарат” тараттық…
“Қаңтарға” қатысы бардай, төңкеріс қалаған жандай айыптадық.

Қара ниетпен қаралағандар да, таңдайы түскенше табалағандар да болды. Аллаға тапсырдық!

Адамның тағдыры Алланың қолында. Алла қалаған құлын сынайды, қалаған құлын тазартады. Бізге жаман көрінген нәрседе жақсылық, жақсы көрінген нәрседе жамандық болуы мүмкін.

Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді…

Айтқым келгені ақпаратта ынсап болмаса, қоғамда әділдік болар ма?

Ілгеріде сақалы белуарына түскен бір діндар қария көп жиылған ортаға барған екен.
Сол жиыннан қайта бергенде ортадан суырылып, қу тұяқтау бір жігіт қарияға қарап:
“Ақсақал, осы сіз түнде ұйқыға жатқанда, сақалыңыз көрпенің сыртында жата ма, әлде, көрпенің астында жата ма” деп, сұрапты.

“Білмедім, шырағым, деп, қария сасқаннан тосылыңқырап қалады.

Бірнеше күн өтеді, қария әлгі жігітпен кездесіп қалып, ә, дегеннен бас салады.

“Әй, не деген адамсың?

Қисынсыз сұрақ қойып, кісіні әуреге салғаның қалай?

Осы күнге дейін жастыққа басым тисе болды, тып-тыныш ұйықтап қап жүрген жайым бар еді, бірнеше күн болды, ұйқы жоқ, мазам қашты. Төсекке жатқан бойда, сақалды біресе астына жіберем, біресе көрпенің үстіне қоям, өзім де түсіне алмай, жүйкем әбден жүн болды. Сен сол сұрақты қоймай тұрып, қалай жатып, ұйықтағанымды…” деп қинала ренжіген екен…

Сол айтпақшы, қоғамда бізге де, өзгеге де керегі жоқ қаншама жалған ақпарат бар. Естіп аламыз да мең-зең боп жүреміз. Кейде, ол ақпардың ақиқаты олай болмай шығады. Ал, көңілдегі сыз өзгермейді ғой.

Түсіне алмай қатқан бас, тозған жүйке, қарайған жүрек, айтылған ғайбат, қалған көңіл үшін кім жауап береді…?!

Ақсақалдың көрпеге сиғыза алмаған сақалы секілді, қаншама адам естіп, көріп алған ақпаратын миына сиғыза алмай, неге жорырын білмей, кімге сеніп, нені қасиет тұтарын түсінбей әбден шаршады.

Айта салу оңай, бірақ, естіген елден обал…

Ақпарат әлемді билеп тұр. Өкінішке орай, тізгіні ізгі адамдардың қолында емес.

Ақ жүрек елге бір Алла пана болсын!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...