Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Елімізде қант бағасы арзандады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда қант бағасы арзандады. Ұлттық статистика бюросының деректері солай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, ай басынан бері 0,4%, жыл басынан 19,4%-ға өскен.

Өткен апта ішінде құмшекердің бағасы 2,8% арзандаған. Сондай-ақ пияздың бағасы 3,1%, картоптың бағасы 1,1% төмендеген.

Күріш бір аптаның ішінде 1,5% қымбаттаған. Сонымен қоса бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы да 1,5%-ға, күнбағыс майы 1,4%-ға өскен.

«Жылдық көрсеткіште әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19,6%-ға қымбаттады», – делінген статистика бюросы ұсынған ақпаратта.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі додасы өтуі әбден мүмкін. «Алматы қаласында құрлықаралық бұл доданы өткізуге...