Ресейде вирус өршіп кетті. Күніне 25-27 мың адам тіркеліп жатыр. Ал кеше вирустан көз жұмғандар саны пандемия басталғалы рекордтық деңгейге жетіп, 929 адамды құрады. Бұл бүкіл Сирия соғысындағы Ресей әскерінің шығынынан көп. Ресейлік “Спутник V” вакцинасын ВОЗ (ДДСҰ) тарапынан мойындау тағы да алға жылжыды. 15-қыркүйекте ВОЗ сертификат беру ісін уақытша тоқтатқан еді. Себебі ВОЗ инспекциясынан Спутник зертханаларының біразы өтпей қалды. Ал біз сол аралықта Спутникті ең көп алған елдің біріміз. 10 млн доза. Оны біршама халыққа салып шықты және сол арқылы отандық вакцина мен өзге мойындалған вакциналарға нарық тарылды. Тіпті БАҚ-та ресейлік вакцинаны мақтау-мадақтау, өзгелеріне жанама тиісу жүріп жатыр. “Пфайзерден өліп қалыпты”, “Модернадан комаға кетіпті”, “Казвактың тиімді әсері әлі дәлелденбеген” деген сияқты алып- қашпа, дәлелсіз ақпараттарды сайттар бұрқыратты заманында. Ол ресейлік вакцинаға деген сенімді арттырып, отандыққа деген сенімге селкеу болғандай. Бірақ отандық ғалымдардың өнімдері жақсы шыққан, өзім де соны екі күн іздеп алдым. Вакцина алу саяси науқанға айналмауы тиіс, бірақ Ресей өз вакцинасын саяси рычагқа айналдырып жібергендей.Зертханаларда ұйқы көрмей, жаңалық ашқан өз ғалымдарына күмән келтіріп, өзге елдің өнімін тоқтаусыз мақтайтындарға таңым бар.
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан