Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Смайылов ауыл балаларына планшет сатып алуды тапсырды

Танымал

Ел аузында

Премьер-министр оқулықтарды цифрлық форматқа көшіріп, оқушыларды ауыр сөмкелерден арылту қажет екенін айтты.

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Қазақстан халқына» қорына ауылдағы оқушыларға планшеттер сатып алуды тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Смайылов үкімет үйінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша кеңесте оқу процесін цифрландыруды тездету қажеттігін мәлімдеді.

Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруді жеделдету және балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет. Сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп, оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қолға алу керек. Атап айтқанда, «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, оларды ауылдық мектептердің балалары үшін сатып алу мүмкіндігін пысықтау керек», – деді премьер.

Ол «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланып отырғанын еске салды.

«Ұлттық жобаны іске асыруға жедел кірісуіміз керек. Алайда бүгінде өңірлердегі 143 мектептің жер учаскелерін анықтау бойынша сұрақтар шешілмеген. Бұл жұмысты барынша тездету қажет: қазан айының соңына дейін құрылысы 2023 жылы және жыл соңына дейін 2024 жылға жоспарланған мектептер бойынша мәселені шешу керек», – деді Әлихан Смайылов.

Кеңес соңында үкімет басшысы цифрлық даму министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп, еліміздің барлық мектебін сапалы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...