Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

«Хабар 24» телеарнасының тілшісі тәртіп сақшысы болды

Танымал

Ел аузында

ҚР ІІМ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауды одан әрі нығайту, сондай-ақ полицияның оң имиджін қалыптастыру мақсатында бірнеше жылдан бері «Погонды журналист» жобасын өткізуде.

Аталған жоба – полицияның түрлі салалық құрылымын, яғни жедел қызметкер, тергеуші, криминалист, учаскелік инспектор, патрульдік инспектор сынды қызметтерінің күнделікті жұмысын БАҚ пен әлеуметтік желіде жариялауға бағытталады. Мұнда журналистер полицияның бір күндік жұмысымен танысып, БАҚ пен әлеуметтік желідегі парақшаларында полицияда өткен жұмыс күні туралы имидждік материалдар жариялайды.

Бұл жылы Түркістан облысының полицейлерімен еліміздегі маңдайалды телеарнаның майталман маманы Жандос Жұмабек әріптес болды. Ол полицейлердің, оның ішінде патрульдік полиция батальонының қызметімен танысты. Осылайша «Хабар 24» тілшісі, Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Б.Айтпаевтан тапсырма алып, бір күндік әріптесі полиция аға лейтенанты Нұрқанат Өтешовпен үлкен трасса бойына жол тартты. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде таң атқаннан, қас қарайғанша қызметте жүрді. Толығырақ «Хабар 24» телеарнасында шыққан сюжетте.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...