Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Танымал

Ел аузында

Бүгін еліміздің төрт облысында жел күшейіп, үсік жүреді. 6 қазанда Қазақстанның төрт облысында жел күшейіп, үсік жүреді, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады. Сонымен қатар облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстікте, батыста, облыстың таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таулы асуларда екпіні 23 м/с жел тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Түркістанда күндіз шаңды дауыл соғады. Шығыстан соғатын жел, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с жел соғады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...