Жыл басынан бері көліктегі полицейлер темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 34 019 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Алматы – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті, деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 3 қазанда болған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
«Аталған факті бойынша Алматы-1 станциясының желілік полиция бөлімі Қазақстан Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі – «Темір жол көлігін пайдалану немесе жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзудың абайсызда адам өліміне әкелуі» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», – деді полициядағылар.
Жыл басынан бері көліктегі полицейлер темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 34 019 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.