Сарыағаш ауданының полицейлеріне, «Белка» есімді қызметтік ит өзімен бірге есірткі заттарын алып өтуге тырысқан Өзбекстан азаматшасын анықтауға көмектесті.
Толығырақ айтсақ, «Жібек жолы» бақылау-өткізу пунктінен Сарыағаш АПБ-ға есірткі тасымалдады деген күдікпен әйелдің ұсталғаны туралы хабар келіп түсті. Белгілі болғандай, «Белка» атты қызметтік ит шетелдіктің тыйым салынған заттарды алып жүргеніне белгі беріп, тоқтатқан. Жедел уәкілдер тінту кезінде, күдіктінің үстіндегі киімінің жеңінен есірткіге ұқсас заты бар пакетті тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес тәркіленген есірткі «гашиш» болып шықты. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 286-бабымен «Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйел қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Егер, сіз де, есірткінің заңсыз айналымына байланысты деректер болса, дереу полицияға хабарласыңыз.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі