Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.3 C
Nur-Sultan
19.9 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Дронның көмегімен жол ережесін өрескел бұзған 22 жүргізуші анықталып, 1 миллионнан астам айыппұл салынды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында жол апаттарының алдын алуда біршама рейдтік-профилактикалық іс-шаралар атқарылуда. Мәселен Сарыағаш ауданына қарасты республикалық маңызы бар «Сарыағаш-Жібек жолы» тас жолы бойында полицейлер, дрон кешенді жүйесін пайдалана отырып, жұмыстар жасады. 
Әуеге ұшырылған бейнебақылау құрылғысының назарына жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер ілінді. Нәтижесінде 1 тәулік ішінде 22 жүргізуші анықталып,шара көрілді. Яғни жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу» бойынша 22 хаттама толтырылды. 
Сондай-ақ көлік жүргізушілеріне қарсы қозғалыс жолағына шықпау керектігі ескертілді. Бұл рейдтік-профилактикалық шара облыстың авариялық-қауіпті учаскелерінде алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Аталмыш шара жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде оң септігін тигізеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...