Өнер академиясындағы дәстүрлі музыка фестивалі

Танымал

Ел аузында

«Ауызекі музыкалық кәсібиліктің дәстүрлері және қазіргі заман» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды.

2022 жылдың 12-14 қазан аралығында Т.Қ Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында өнертану ғылымдарының докторы Мұхамбетова Әсия Ибадуллақызының 80 жылдығына арналған Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасының фестивалі және халықаралық ғылыми практикалық конференциясы өтті. Салтанатты кешке шет елдерден ғалымдар мен өнер майталмандары қатысты. Ашылу салтанатынан кейін пленарлық отырыста қатысушы ғалымдар: Ұлыбритания, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан елдерінің өкілдерінің баяндамалар таңдалды.

Конференцияның ашылу салтанатында ҚР мәдениет және спорт менистрі Дәрен Абаевтың мерей той иесіне арналған құттықтау адресаты тапсырылды. Т.Қ Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ректорының құттықтауын оның оқу ісі жөніндегі орынбасары Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы жеткізді. Мерейтойға өнер ордамыздан басқа Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Қазақ Ұлттының өнер университеті, Чайковский атындағы Алматы музыкалық коледжі және М.Әуезов атындағы әдебиет өнер институты өз құттықтауларын жолдады. Конференцияны “Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасы” атты фестиваль-концерті қорытындылады.

Мұсабек Әдемі Төрежанқызы, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 1 курс студенті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...