Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.4 C
Nur-Sultan
23.5 C
Almaty
31.5 C
Shymkent

«20 нокауты бар боксшы»: Головкин чемпиондық атағын қорғауға міндеттелді

Танымал

Ел аузында

Титулды айқас өткізу бойынша келісімге келуге 30 күн берілген.

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) WBA және IBF ұйымдарының ортақ шешімі бойынша титулдарын бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 KO) айқаста қорғау керек болады, деп хабарлайды Boxingscene.com.

Головкин мен орта салмақта WBA «регуляр» белбеуіне ие Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 KO) титулды айқас өткізу бойынша келісімге келуге 30 күн берілген. Бұл уақыт бітуге таяғанда қазақстандық боксшыны бразилиялықпен жұдырықтасуға міндеттеу туралы шешім шықты. 

Бұған қатысты Головкин мен Фалькао лагерінің өкілдері пікір білдірмеді, өйткені, әзірге бұл хабар санкция беретін органға жеткен жоқ. 

Айта кетейік, Головкин кейінгі айқасында мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңілген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...