Сарыағаш полициясына Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша өзінің танысы жеңілдетілген несиемен «Тойота 55» маркалы автокөлік алып беретінін айтып, 2 500 000 теңгесін алып кеткен. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген автокөлікті де, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында, күдікті деп танылған жұмыссыз әйелді анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленушіні алдап, ақшасын қалтасына басқан. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болумен, жақын таныс емес азаматтарға сенбеу қажеттігін еске салады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
«Тойота 55» маркалы көлік алып беремін деп тұрғынның ақшасын алдап алған әйел анықталды
Танымал
Ел аузында
Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.
Сайт әкімшілігі