Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Араққа сылқия тойып алып, досын мерт қылған 35 жастағы жігіт 9 жылға қамауға алынды

Танымал

Ел аузында

2022 жылдың мамыр айында Түркістан қалалық Полиция басқармасына қала тұрғындарының бірі көршісінің үйінде жанжал болып жатқаны бойынша хабарлама түсірді. Ақпарат алысымен оқиға болған жерге полицейлер жедел барып, жағдайды анықтады.
Нақтырақ айтсақ, полицейлер жанжал болған үйге кіргенде жерде жатқан орта жастағы азаматтың өлі денесін тапқан. Тиянақты тексеру барысында полицейлер кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен орта жастағы азаматты анықтап, басқармаға жеткізді. Күдіктіден жауап алу барысында оның досымен бірге ішімдік ішкені белгілі болды.
Яғни 2 дос бас қосу кезінде 4 шөлмек араққа сылқия тойып алып, жанжалдасқан. Нәтижесінде бірі екіншісінің маңдай тұсынан бірнеше рет соққы беріп, жарақат салады.
Содан ауыр жарақат алған азамат ес түссіз еденге құлап, оқиға орнында тіл тартпай кеткен.
Күдікті ретінде ұсталған жігітке қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, қылмысы толық дәлелденді.
Ал жинақталған құжаттардың барлығы сотқа жолданды.
Сот 35 жастағы жігітті кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...