Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Кассадан 10 миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырған кассир әйел анықталды

Танымал

Ел аузында

Түркістан полициясына жергілікті тұрғын жеке кәсіпкер арызданды. Оның айтуынша, оның кассадағы қызметкерімен есептесу кезінде 10 миллион теңгеге жуық ашқа кем болып шыққан. Содан жәбірленуші оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Тәртіп сақшылары ақпарат келіп түскен бойда бірден іске кірісті. Олар қаражаттың қайда кеткенін анықтау үшін қажетті жұмыстарды атқарды. Полицейлердің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын әйел болып шықты.
Анықталғандай, сезікті әйел жеке кәсіпкерлік орталықта кассир операторы болып жұмыс істеген. Күдікті кассадан 5 миллион теңгені, арада біраз күн өткен соң тағы да 5 миллион теңгеге жуық ақшаны білдірмей алған. Күдікті әйел алған ақшаның барлығын бас пайдасына жұмсаған.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті емденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алып, қазіргі таңда әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...