Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.4 C
Nur-Sultan
17.5 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Түлкібастық полицейлер мереке қарсаңында музей аралады

Танымал

Ел аузында

25 қазан- «Республика күні» мерекесіне орай Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері мәдени азық болар арнайы іс-шара ұйымдастырды. Яғни полиция қызметкерлері Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында орналасқан орталық музейге барып, ішкі істер органынан зейнеткерлікке шыққан ардагерлердің өмірбаяны, сондай-ақ қызмет көрсету барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы мәліметтермен танысты. Жиында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ел үшін еңбегімен танылған азаматтардың еңбек жолы жайлы сұхбаттасты.
Тарихи орынға саяхат кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері аға ұрпақтың дәстүрінде тәрбиелеу, музей жұмысының рөлін арттыру мақсатында орамды ойлары ортаға салынды. Тәртіп сақшыларының ерліктері полицейлерге таныстырылып, сабақтар ұйымдастырылды.
Жалпы жас ұрпақты мәдениет, өнерге баулып, рухани бағытта сусындатуда мұндай іс-шаралардың берері мол. Сондықтан Түлкібас ауданында полицейлердің қатысуымен алдағы уақытта мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұратын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...